Берген қол - алған қолдан қайырлы!

Жаңалықтар

Ақсуат балаларының адами капиталына инвестиция

ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ақсуат ауданында алтыншы сынып оқушыларына арналған іріктеу сынағы өтті. Іріктеуге ауданның түрлі мектептерінен 170 оқушы қатысып, олардың арасынан 20 үздік оқушы таңдалды.

Бұл бастама – ауыл балаларының еліміздің алдыңғы қатарлы білім ордаларына түсуіне жол ашатын ерекше мүмкіндік. Іріктелген оқушылар Назарбаев Зияткерлік мектебі, Республикалық физика-математика мектебі, Абай атындағы ұлттық мектеп және Білім-инновация лицейіне түсуге дайындалады.

Қор тарапынан арнайы оқу бағдарламасы әзірленіп, дайындық курстары басталып кетті. Алдағы айларда балалар осы беделді оқу орындарына түсуге бағытталған қарқынды дайындықтан өтеді.

ASSYLTAS қоры бұл жобаны ауылдың адами капиталына салынған инвестиция деп қарайды. Ең тиімді әрі ұзақ мерзімді инвестиция – балалардың білімі мен болашағына бағытталған қолдау. Сондықтан бастама аясында тек академиялық дайындық қана емес, оқушылардың тұлғалық дамуы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыруға да ерекше назар аударылады.

Қордың негізгі мақсаты – ауылдағы дарынды балаларға тең мүмкіндік беру, олардың сапалы білімге қол жеткізуіне және өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасау.

Жаңа бастамаға қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз!
Болашағымыздың басты капиталы – білімді ұрпақ!

  • All Posts
  • ASSYLTAS Business Help
  • Assyltas TV
  • Без рубрики
  • Жаңалықтар

Реквизиттер:

Біздің әлеуметтік желілер

© 2024. ASSYLTAS ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.