Берген қол - алған қолдан қайырлы!

Жаңалықтар

«Мен жастарға сенемін» VIII оқушылар айтысы өтті

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы қаласында «Асылтас» қоғамдық қоры мен Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатымен бірлесіп жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 қазақ сынып оқушылары арасында «Мен жастарға сенемін» атты VIII республикалық оқушылар айтысын өткізді.

”Мен жастарға сенемін” VIII республикалық оқушылар айтысы екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар жеребе арқылы жұпталды. Айтыскерлердің тапқырлығы, суырыпсалмалығы, шешендігі, тіл байлығы және ұлттық құндылықтарды қамту деңгейі бағаланды. Финалға бірінші кезеңнің жеңімпаздары өтіп, ақтық сынға түсті.

Додаға белгілі айтыскер ақындар, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшелері, атап айтқанда, ҚР Мәдениет қайраткері — Серік Қалиев, ҚР Мәдениет саласының үздігі — Талант Арғынғали, журналист, ҚР Мәдениет саласының үздігі — Шұғайып Сезімхан, журналист, «Асыл домбыра» иегері — Айтбек Тұрсынбай, сонымен қатар, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі — Ержан Жұмабек төрелік етті.

АЙТЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

Бас жүлде (200 000 тг) — Сейтжанұлы Ерасыл;
1-орын (150 000 тг) — Жаңабай Інжу;
2-орын (80 000 тг) — Құлахмет Елсияр;
2-орын (80 000 тг) — Сезімхан Сырымбет;
3-орын (50 000 тг) — Рауанқызы Ботагөз;
3-орын (50 000 тг) — Көшербай Мақпал;
Арнайы жүлде (30 000 тг) — Мажит Аятулла;
Арнайы жүлде (30 000 тг) — Пердебай Зарина.

Республикалық айтыс жеңімпаздары мен қытысушыларына «Дарын» РҒПО дипломдары мен сертификаттары табысталды.

Жеңімпаздардың жүлде қорына TAS Group компаниясы, Assyltas қоғамдық қоры және «Ұшқан ұя» түлектер қауымдастығы демеушілік етіп, арнайы сыйлықтарды да табыстады.

Қалған қатысушыларға 20 000 тг көлемінде ынталандыру сыйлықтары берілді.

  • All Posts
  • ASSYLTAS Business Help
  • Assyltas TV
  • Без рубрики
  • Жаңалықтар

Реквизиттер:

Біздің әлеуметтік желілер

© 2024. ASSYLTAS ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.