200 адамның тізімі
ASSYLTAS қоғамдық қоры еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты 200 көпбалалы отбасылар мен асыраушысы жоқ жалғызбасты аналар мен әкелерге 25 000 теңгеден көмек береді.
200 отбасының тізімі анықталды.
Айта кетейік, бастапқыда халықтың көмегі арқылы 1 236 768 мың теңге жиналған. Артынша, уәде етілгендей, ASSYLTAS қоғамдық қоры жиналған қаржыны екі еселеді және ASSYLTAS қоғамдық қорының құрылтайшысы Тастекеев Дулат Тұрсынұлының бастамасымен тағы 100 отбасыға қаражат бөлінді. Жәрдем көлемі 5 млн. теңгені құрады.
Көмек алу үшін қоғамдық қордың электронды поштасына 2000-ға жуық өтініш келіп түскен.