Assyltas қоғамдық қоры «100 өлең» байқауының басталғанын хабарлайды. 

Бұл жоба — қазақ ақындарының өлеңдерін жаттау сайысы. Абайдан бастап, Шәкәрім, Махамбет, Мұқағали тағы да басқа танымал ақындардың өлеңдері топтастырылған. Сайысқа қатысушы барлық өлеңді жатқа білуі тиіс. Жас мөлшеріне шектеу жоқ. Жеңімпаз 2020 жылдың маусым айында ШҚО, Ақсуат ауылында ұйымдастырылатын «Өнер және спорт фестивалінде» белгілі болады.

Ұйымдастырушылар бас жүлдеге автокөлік сыйламақ. Топтастырылған өлеңдер жинағын 100 өлең  сілтемесін басу арқылы жүктей аласыздар!