Дулат Тастекей өзі туған Тарбағатай ауданының ең жас «құрметті азаматы» атанды. 39 жастағы Дулат Тұрсынұлына марапатты ШҚО, Тарбағатай ауданы әкімі Асхат Сайдахметұлы ASSYL DOMBYRA 2021 ақындар айтысының финалы кезінде арнайы табыстады.

Мұндай атаққа Дулат Тастекей әбден лайық, өйткені меценаттың туған ауылына жасап жатқан игі істері жетерлік. Ақсуат пен Екпін ауылдарына екі мешіт, футбол алаңын, жағдайы жоқ отбасыларға бірнеше баспана, жол салып бергенінен бөлек, «Тарихқа толы Тарбағатай» альманахының 5 томын шығарып, «Туған жерге туыңды тік» деген атпен ақындар айтысын ұйымдастырып жүр. Өзге де жақсылықтары бір төбе…