«ASSYL DOMBYRA» кімге бұйырмақ?
«ASSYLTAS» қоғамдық қоры жаңа жобаны қолға алды. Ақпан айының 13 жұлдызында Алатау дәстүрлі өнер театрында «ASSYL DOMBYRA» атты республикалық ақындар айтысын ұйымдастырды. Сөз бәйгесі Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойының құрметіне арналды.
Әділқазы алқасы азулы 16 ақынның ішінен 9 айтыскерді келесі айналымға іріктеп алды. Бұл ақындардың бірінші легі болатын. Енді сәуір және маусым айларында тағы 16 жұп айтысады. Қыркүйек айында финалдық кезең өтпек. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, асыл тастармен көмкерілген домыраға ие болады.