2021 жылдың 9 қыркүйегінде АSSYLTAS қоғамдық қорының қолдауымен  ШҚО, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылында төрт отбасы  баспаналы болды.

Жалпы аумағы 90 шаршы метрді құрайтын үйлер жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған жанұяларға ресми түрде табыс етілді. Қуанышқа кенелгендердің арасында жалғызбасты аналар Көкөкзова Майра мен Алпысбаева Айжан, көпбалалы Әмірханов Сұңқарбек және жалғыз өзі бірнеше баланы тәрбиелеп отырған Искакова Салтанат бар.  Баспаналы болған отбасылар жергілікті әкімдік пен ASSYLTAS қоғамдық қорына алғысын білдірді. Айта кетейік, қордың көмегімен бұған дейін Тарбағатай ауданында 10 отбасы үйлі болған еді.  Сондай-ақ, Ақсуат ауылында тағы да 20 үйдің құрылысы жүргізілуде.