1-қыркүйек  «Білім күніне»  орай,   ASSYLTAS  қоғамдық қоры «Алтын ұя» жобасы аясында  Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектепке барып қайтты. 

Бұл — ерекше күн, балалар үшін өзінше мейрам. Әлемдік пандемия кесірінен онлайн жүйеде сабақ оқыған оқушылар биыл қайта мектеп табалдырығын аттап ерекше сезімге бөленді. Асылтас қоғамдық қоры да бұл күннің санада сақталуына біршама  үлесін қосты.  116 балаға  арнайы  «Асылтас» логосы басылған мектеп сөмкесін сыйға тартты. Қор құрылтайшысы Дулат Тұрсынұлы  жаңа оқу жылын бастағалы отырған барша оқушылар мен ұстаздарға  сәттілік тіледі.  «Сондай-ақ, бізді алтын ұядан қанаттандырып ұшырған мектепке мәңгілік қарыздармыз»,- деп бітіріп кеткен соң да түлектерді алтын ұясын ұмытпауға шақырды.