II республикалық «100 өлең» байқауының 2021 жылғы жеңімпаздары анықталды
ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған II Республикалық көркемсөз оқу байқауы өз мәресіне жетті.
2020 жылы алғаш өткізілген бұл шарада Шығыс өлкесінің азаматы Едіге Қайыртайұлы жеңіске жетіп, бас жүлде қорындағы автокөлікті тізгіндеген болатын. Биылғы жыл өзгерек. Себебі 100 күнде 100 ақынның 100 өлеңін жаттап іріктеу кезеңіне 500-ге жуық сайыскерлер өтініш білдіріп, арасынан ең мықта деген 26 қатысушы таңдалынып алынды. Жас мөлшері шектеусіз болған бұл сайысқа қатысушылар арасында ең кішісі 8 жастағы Назым атты бүлдіршін болса, жасы ең үлкені 47 жастағы Назгүл есімді Орал қаласының тұрғыны.
Байқауға қатысушыларымыз өтетін уақыттан бір екі күн ертерек келіп қонқ үйге оналастырылған болатын. Ондағы басты мақсат — әр өңірден келген мықты деген финал қатысушыларының арасында достық, таныстық орнату. Сондай-ақ, арнайы Асылтас қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сайыс қатысушылары бір үйдің баласындай болып Алматы қаласының зоосаябағын, орталық мұражай, Медеу сынды көрікті жерлерін аралап, фотосессия жасап, ұмытылмас естеліктерді жадыларына сақтап алды. Ал 26 шілде, жазушылар одағында «100 өлең» сайысында финалистеріміз танысып, достасып, сыйласып үлгерген бір топ болып келді. Бір-біріне деген жанашырлық көзқараспен нағыз сайысқа түсіп бақ сынасты. Байқаудың алғашқы кезеңінде таңдап алған бес ақынның бес өлеңін мүдірмей оқыған сайыскерлер екінші айналымға өтті. Қазылар алқасына мықтыларды таңдау оңайға түспегені анық. Екінші кезеңде нақ іріктеу басталды. Әр ақынның әр өлеңінің арасынан шатасыра қойған қазылар алқасының шумақтарын лезде жалғастырып, жаңылмай оқыған қатысушыларымызды таңдауға келгенде қиындық туды.
Сайыстың шарты бойынша үшінші шешуші кезеңге тек төрт мықты таңдалынып алынуы керек болған соң қазылар өзара ақылдасу арқылы, Айзада Нәби, Әмина Байкемелқызы, Ақерке Жанмұратқызы, Алуа Асқарқызын таңдап алды. Шешуші сәтке келгенде тақымын қысып, таразы басында тұрған төртеудің қайысысының бабы басымырақ болатынынан бейхабар жұрт сайысты тікелей асылтас тв ютуб арнасы арқылы тамашалап отырды. Себебі бұл төрт қатысушы да нағыз бабы мен бағы жанып тұрған мықтылар еді. Үшінші шаппа-шап кезеңінде төрт қатысушы екіден жұпқа бөлініп бір-біріне өлеңнің әр жерінен қойып жаңылыстыру арқылы бақ сынасты. Ұзаққа созылған шешуі сәттің соңы да келіп жетті. Ақерке Жанмұрат оза шығып бас жүлдені жеңіп алды. ASSYLTAS қоғамдық қоры тағайындаған бас жүлде Chevrolet автокөлігін осы қатысушымыз иеленді. Екінші, үшінші орынға смартфон мен ноутбук табысталса, қалған 23 қатысушыға арнайы дайындалған планшет сыйға берілді. Сайыс соңында қимастиықпен тарқастан қатысушыларымыз өздерімен бірге бұл сайыстан алып кеткен әсерлері мен ыстық естеліктері жайлы жарыса жазып, алғыстарын білдіріп жатты. Келесі «100 өлең» байқауын асыға күтетіндерін де жеткізді.