Шілде айының 25 жұлдызында  «ASSYL DOMBYRA» республикалық ақындар айтысының кезекті іріктеуі аяқталды.

Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстанның әр аймағынан келген 26 ақын 13 жұпқа бөлініп бақ сынасып, Ақсуатта өтетін финалға 18 ақын жолдама алды.  Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында финалда кездесетін азулы ақындар: Мейірбек Сұлтанхан, Қазірет Бердіхан, Шалқарбай Ізбасаров, Ринат Заитов, Мұхтар Нияз, Нұрзат Қару, Жансая Мусина, Рауан Қайдаров, Аспанбек Шұғатаев, Рүстем Қайыртай, Серік Қуанған, Шұғайып Сезімхан, Қанат Мырзахан, Ерлан Аманқожа, Нұрлан Есенқұлов, Айбек Жеңісқазин, Айтбай Жұмағұлов, Бауыржан Ширмедин. Түрлі тақырыпта сөз тарқатан айтыскер ақындар 2021 жылдың басынан бері іріктеу кезеңдерінде сыналып, «Асыл домыраға»  иелік ететін кезге де келіп жетті. Ендігі бақ қай ақынға бұйратынын Тарбағатай төрінде  ASSYLTAS TV youtoube арнасы арқылы тікелей эфирде  тамашалай аласыздар. Еліміздегі пандемияға байланысты  жыл басынан 48 ақын қатысқан  дүбірлі доданың әр іріктеу кезеңі көрерменсіз өткендіктен  тікелей трансляция арқылы халыққа  көрсетіліп келген болатын.