ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Хабар» арнасынан берілген «ASSYL DOMBYRA»  тележобалық  ақындар айтысында БҚО құрамасы жеңіске жетті.

Жыл бойына  телеарнадан ұсынылған  «ASSYL DOMBYRA» тележобасына барлық өңірден 20 команда қатысқан болатын. Ақтық сайыста БҚО мен Павлордар облысы ақындары текетіресінде оралдықтар басым түсіп, Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Бауыржан Ширмединұлы бастаған топ  бас жүлдеге ие болып, 6 миллион теңгені еншіледі. Сондай-ақ, басты сыйлық  асыл тастармен көмкерілген домыраны табыстау үшін ұйымдастырушы топ 2024 жылдың 24 қаңтарында  Орал қаласына арнайы ұшып барды. Жүрсін Ерманұлы, Ғалым Жайлыбай, Дулат Тастекей және Хабар арнасының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев   шараға қатысып, асыл домбыраны иелеріне табыс етті.