ASSYLTAS қоғамдық қоры жыл сайын әдебиет, спорт, журналистика және ғылым саласы бойынша cтипендиялар тағайындайды.

БАҚ қызметкерлері бойынша 2023 жылғы үміткерлер анықталды. Биыл, міне, төртінші рет жыл үздігін анықтаймыз.

Диас Нұрақынның биылғы 4 пайыздық несиеге байланысты материалдарын, өткір посттарын оқыған боларсыздар. Оңғар Қабден жедел ақпарат таратуда табысты қызмет етіп келеді. Аслан Каженов түрлі тақырыптағы репортаждарымен ерекшеленді. Эрик Сейдахметовтың радиодағы еңбегі орасан, Абай Аймағамбет өзекті мақалалар жазып жүрген қаламы ұшқыр журналист. Oлжас Нұржақып “Экспресс К” сайтының үздік тілшілерінің бірі, биыл өте көп мөлшерде материалдары жарық көрді.
Дауыс беру 30 қараша күні assyltas.kz сайтында басталады. 13 желтоқсанға дейін ең көп дауыс алған үздік үштік екінші кезеңге өтеді. Одан кейін үш үштікке 20 БАҚ басшылары дауыс береді.