«ASSYL DOMBYRA-2023» ТЕЛЕЖОБАСЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
- 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында еліміздің айтулы ақындарынан жасақталған командалар арасында ASSYL DOMBYRA дәстүрлі ақындар айтысы ұйымдастырылады.
- Осы Ереже ASSYL DOMBYRA айтысының мақсаты мен міндеттерін, жүргізілу тәртібін анықтайды.
- ASSYL DOMBYRA ақындар айтысының басты ұйымдастырушысы ASSYLTAS қоғамдық қоры, «Хабар» агенттігі және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- ASSYL DOMBYRA ақындар айтысының мақсаты – айтыс өнерін халық арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту болып табылады.
- ASSYL DOMBYRA ақындар айтысының міндеттері:
- Ақындардың суырыпсалмалық қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау;
- Айтыс өнері арқылы жастарды рухани-адамгершілікке, имандылыққа, патриоттыққа тәрбилеу;
- Халықтың ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
АЙТЫСТЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ
- Айтысқа осыған дейін түрлі халықаралық, республикалық ақындар айтысында өнер көрсеткен тәжірибелі айтыскерлер қатысады. Олар өз облыстарының атынан сынға түседі. Әр командада 3 ақыннан болады. Барлығы 20 облыстан 60 ақын қатысады.
- Қарсылас командалар жеребе арқылы анықталады.
БАҒАЛАУ ШАРТТАРЫ
- Айтыскердің қарсыласына орынды да ұтымды жауаппен тойтарыс беруі, суырыпсалмалығы, жоғары сахна мәдениеттілігі бағаланады;
- ақындардың сөз сайыстыру (айтысу) уақыты 20 минуттан;
- Әр команда сапынан шығатын бірінші жұп, жалпы еркін тақырыпта айтысады, қалған екі жұпқа арнайы тақырыптар беріледі немесе айтыстың бір жанры бойынша айтысады. Мәселен: 1. Бәдік; 2. Жар-жар; 3. Жануарлар мен адамның айтысы; 4. Өлі мен тірінің айтысы; 5. Жұмбақ айтысы; 6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы;
- жұп жеңімпазын үш адамнан жасақталған қазылар алқасы анықтайды. Олар өз ойларын, ескертпелерін айтып, жеңісті бір ақынға береді.
- айтыста тең нәтиже болмайды, жұп құраған екі ақынның бірі ғана жеңіске жетеді. Бұл сайыс командалық жарыс болған соң, үш кездесудің қорытындысы бойынша бір команда келесі кезеңге өтеді. Яғни командалар арасында 3:0 немесе 2:1 есебі тіркеледі.
АЙТЫСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
-
Ақындардың өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасы өнер мен мәдениет қайраткерлері, белгілі айтыс ақындарынан құралады. Барлығы 3 адам. (Жүрсін Ерман тағы екі азамат).
-
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы айтыскер ақынды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- сурыпсалмалық;
- әдеби тіл байлығы;
- тақырыпты аша білу;
- дәстүрлі айтыс мақамын үйлестіре қолдана білу;
- сахна мәдениеті;
- айтылған уәжге, қарсыласқа ұтымды жауап беру;
АЙТЫС КЕЗЕҢДЕРІ
Бірінші кезең (10 эфир запись)
- 20 команда бір-бірімен жұптасып, олимпиадалық жүйе бойынша, жеңілген команда сайыстан шығып отырады. Телеарнадан көрсетілетін бір эфир уақытында екі команда арасында сайыс болады. Бірінші кезеңнен кейін жеңген 10 команда келесі кезеңге шығады.
Екінші кезең (5 эфир записьте)
- 10 команда 5 жұпқа бөлініп, 5 жеңімпаз анықталады. Бірақ жартылай финалға 4 команда ғана жолдама алады. 5 командаға халық смс арқылы дауыс береді. Бір cағат ішінде ең аз дауыс жинап қалған бір команда сайыстан шығады.
Жартылай финал және финал (бір эфир тікелей эфирде)
- Төрт команда екі жұпқа бөлінеді. Жеңгені финалға шығады, жеңілген екі команда автоматты түрде үшінші орын алады. Бұл сында әр команда 3 ке 3 Құлмамбет айтысын жасайды. Нәттижесінде жеңімпаз анықталады.