Жетісу облысының командасы ASSYL DOMBYRA-2024 жобасының үшінші маусымының жеңімпаздары атанды.

ASSYL DOMBYRA тележобасының үшінші маусымы 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында «Хабар» арнасында көрсетілді. Сайысқа барлық өңірден 16 команда қатысты. Жобада от ауызды, орақ тілді суырыпсалма 48 ақын сөз жарысын қыздырды. Байқау финалында Түркістан облысынан басым түсіп, сапында Дидар Өмірәлі, Мирас Шалжанов және Аят Жәнібек бар Жетісу командасы ASSYL DOMBYRA мен 6 млн. теңгенің жүлдесін қанжығаларына байлады.

Бас жүлде (ASSYL DOMBYRA) – Жетісу облысы (6 млн теңге);
1-ші орын – Түркістан облысы (3 млн теңге);
2-ші орын – Ақтөбе облысы (2 млн теңге);
3-ші орын – Алматы қаласы (1 млн теңге).

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ASSYLTAS қоғамдық қоры (@assyltas_qory)

 

ASSYL DOMBYRA жобасы айтыс өнері мен қазақ халқының рухани құндылығы және мәдени мұрасының символы болып табылатын ұлттық аспап — домбыраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Жоба аясында талантты ақындар мен өнерпаздар баға жетпес дәстүрлерді дәріптеп, оларды жаңа деңгейге көтеруде.