ASSYLTAS қоры “Qazaqsha терапия” жобасына қолдау білдірді
ASSYLTAS қоғамдық қоры “Qazaqsha терапия” жобасының Оңтүстікке тур жасауына қолдау білдіріп, демеушілік етті.
Қарашаның басында “Qazaqsha терапия” Тараз бен Шымкент қаласында концерт қойды. Аталған шарада дәстүрлі ән, күй, заманауи нақышта жырлар орындалып, қазақи таным-түсінікке терапия жасалды. Концертке жиналған көпшіліктің қарасы көп болып, зал лық толды. Қазақи әуендер мен домбыра аспаптарынан ерекше ләззат алған көрермен, жан тыныштығын сезгенін жасырмады.
«QAZAQSHA ТЕРАПИЯ жобасының Тараз және Шымкент қалаларындағы гастрольдік сапарына демеушілік етіп, бізге үлкен қолдау білдірген Дулат Тұрсынұлы Тастекей ағамызға шексіз алғысымызды білдіреміз! Сіздердей қолдаушыларымыздың арқасында қазақ өнерін дәріптеп, ұлттық мәдениетімізді ұлықтауға мүмкіндік алдық! Жобамызға деген сеніміңіз үшін рахмет», — деді “Qazaqsha терапия” жобасының жетекшісі Асет Есжан.
Айтқандай, “Qazaqsha терапияның” бас демеушісі — TAS Group қаржы компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекей және ASSYLTAS қоғамық қоры.
Қазақ өнері шарықтап, дами берсін!