Белгілі кәсіпкер Абиба Әбужақыноваға стипендия тағайындамақшы
Белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей дзюдошы Абиба Әбужақыноваға стипендия тағайындамақшы.
Париж Олимпиадасында үшінші орын үшін күресіп, жеңіліп қалған Абибаға демеуші боламын дегендер қатары артып отыр. Жарақатына қарамастан ел намысы үшін соңына дейін күрескен балуан қыздың қайсарлығына тәнті болдық дейді олар.
«Токио олимпиадасында қола жүлде алған Елдос бауырымыз сол жылы көпшіліктің шешімімен ASSYLTAS стипендиясының иегері атанған еді. Биыл бұл стипендияны Париж олимпиадасында жанкештілік көрсеткен Әбиба қарындасымыз алса, қалай қарайсыздар», — деді Дулат Тастекей.
Кәсіпкердің бұл бастамасын жүздеген адам қолдап, Абибаның мұндай құрметке лайық екенін жазуда. Еске салайық,
Айта кетейік, бұл стипендияны бұған дейін Елдос Сметов алып келген.