Ақсуатта айтыс өтті
Ақсуат ауылындағы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы орталық стадионда «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.
«Астана қаласының 20-жылдық мерейтойы құрметіне және Тарбағатай ауданының 90-жылдығы аясында «Асылтас» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен айтысқа еліміздің таңдаулы ақындарымен қатар, Монғолия, Қытай және Қырғызстаннан келген жүйріктері қатысты»,- деп жазады ауданның баспасөз қызметі.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен айтыстың жеңімпаздары Мейірбек Сұлтанхан 3 орын, Нұржан Өмірбаев 2 орын, Аспанбек Шұғатаев 1 орын және Серік Қуанған Бас жүлде иегерлері атанып, «Асыл тас» қоғамдық қоры тіккен жүлделердің иегерлері атанды. Сонымен қатар Жансая Мусина айына 200 мың теңгелік стипендия жеңіп алса, Нұржан Өмірбаев Дүние жүзілік қазақ күресі федерациясының вице президенті Баделхан Қамалханұлы ұсынған 500 мың теңгелік арнайы сыйлыққа ие болды.
Дереккөз: Altaynews.kz