«Тамырыма байланған, тағдырыма айналған – Тарбағатай»
Бұл жоба Тарбағатай өңірін дамытуға, ауылдарды көркейтуге арналған. Бұған дейін қор Президенті Дулат Тұрсынұлының бастамасымен Ақсуатта екі мешіт, заманауи футбол алаңы, аялдамалар салынып, жол жөнделді. Екпінді және Ақсуат ауылының кіре берісіне қақпа тұрғызылды. Ырғызбай ата кесенесіне күннен сәуле алатын батареялар орнатылды. Екпінді ауылындағы Ы. Кабеков мектеп мұражайына қайта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ішіне жиһаздар орнатылды. Бүгінгі таңда Семей қаласында 2500 орындық Орталық мешіттің құрылысы жүргізілуде. Бюджеті 500 млн құраған мешіт Орталық Азиядағы ең ірі құлшылық үйлерінің бірі болмақ. Мешіттің құрылысы 2020 жылы аяқталады. Алдағы уақытта ауылдағы үздік оқушыларға қор тарапынан қолдау көрсетілмек.
Мақсаты: Өңірдің имиджін көтеру, экотуризмді тарту, өлкетану бағытын дамыту, тарих пен мәдениетті насихаттау және сақтау.