«100 өлең жобасы»

100 өлең жобасы — қазақ ақындарының 100 өлеңін жатқа айту сайысы. Қор жыл сайын 100 өлеңнің тізімін жасап, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы жұртшылыққа жариялайды. Бұл сайысқа кез-келген жастағы азаматтар қатыса алады. 100 өлеңді мүдірмей жатқа айтқан үміткерлер арасында үш жеңімпаз анықталады. Оларға Assyltas қорының атынан арнайы сыйлықтар табысталады.
Мақсаты: Қазақ жазба ақындарын қолдау, өлеңдерін насихаттау, жұрт арасында өлең жаттауды қалыптастыру.

100 өлең жобасы