Сәуір айында «ASSYLTAS»  бизнес гранты  үш кәсіпкерге табысталды. Себебі,  наурыз  айында сұхбат барысында ешқандай жоба қазылардың көңілінен  шықпағандықтан,  жеңімпаз анықталмаған еді. Енді осы  айда үш бірдей кәсіпкерге бұл бақ бұйырған екен. 

1 миллон теңге көлеміндегі  қайтарымсыз грант иегері  — Салтанат Жәпішева, қуыршақ театырының  әртісі, аниматорлық сала бойынша кәсібін өрлетуді көздейді. Екіншісі,  Талдықорған тумасы, кәсіпкер, мүмкіндігі шектеулі болса да шектеусіз еңбек пен қызметтер атқарып жүрген   жас маман – Дамир Нұркежанов.  Ол «Futuure-IT» робототехника мектебін ашқан. Қайтарымсыз бизнес грант арқылы тағы да сынып ашып, оқушылар санын көбейтуді мақсат еткен. Келесі жеңімпаз,  Павлодарлық Алихан Нұхы, кір сабын өндірісі кәсібін жандандыру мақсатында  грантты жеңіп алды.  Жеңімпаздардың  жұмыстарына табыс тілейміз. Болашақта  «ASSYLTAS»  бизнес грантын ұтып алу мүмкіндігі кез-келген адамға бұйыруы мүмкін, сондықтан жобаға қатысып бағыңызды сынап көріңіз.

Жыл соңына дейін  «ASSYLTAS» бизнес гранты 20 жас кәсіпкерге беріледі. Жеңімпаздарға қайтарымсыз бизнес гранты тағайындалады.  Ұсынған жобалары  басымдылық берілген бағыттарға қатысы бойынша анықталады, яғни: өндіріс, ұлттық өнер, қазақ тілін дамыту, IT саласы.

Бизнес грант сұрақтары бойынша: 87474167042