Сәуір айының 24-ші  жұлдызында  Қаскелең қаласының мәдениет үйінде  «ASSYL DOMBYRA» айтысының  екінші кезеңі болып өтті.  Әлемдік пандемияға байланысты шектеу шаралары болғандықтан көрерменсіз өткен аламан  доданы Assyltas tv  youtoube  арнасы   халыққа тікелей трансляция жасады. Осы кезеңде де ақындар жеребе арқылы таңдалды.  Айтысқа қатысқан 16 ақынның 8-і келесі кезеңге жолдама алды. Олар: Мұхтар Ниязов,  Шұғайып Сезімхан,  Аруна Берікқызы, Сырым Нығызбай, Шапағат Сәбитқызы,  Нұрбол Маратұлы,  Қазырет Бердіхан, Ерлан Аманқожа сынды жас та болса азулы таланттар. Аламан доданың келесі кезеңі  5 маусым күні Орал қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Финалдық кезең  Шығыс Қазақстан обылысы, Ақсуат ауылында болады. Жеңімпаздарға арнайы асыл тастармен көмерілген домбыра мен қомақты ақшалай сыйлықтар қарастырылған.