Сәуір айының 23 жұлдызында «Ариал» гольф клубында Дулат Тастекейдің «Өте маңызды»  атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Салтанатты кеште   бизнес саласындағы әріптестер мен жас кәсіпкерлер, баспасөз және шоу-бизнес өкілдері  бас қосты.  Бұл шара халықаралық кітап мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен түрлі туындылардың авторларын табуға арналған сұрақтар қойылып, бағалы сыйлықтар ұсынылды. Рамазан айының жұмасы күнгі кітаптың тұсаукесерінің соңы ауызашарға ұласты.  Ерекше кештің ерекше меймандарының риза болғандығын әлі күнге дейін әлеуметтік желіден толассыз келіп жатқан алғыстар арқылы байқауға болады. Бұл туыныдыны оқимын деген әрбір жанға қолжетімділік жайы да қарастырылған. Кітапты www.dulat-tastekey.kz  сайты арқылы тапсырыс беруге болады.