Белгілі кәсіпкер, TAS Group компаниялар тобының құрылтайшысы  Дулат Тұрсынұлының «Өте   маңызды» атты кітабы жарық көрді.

Қаржы нарығында елеулі ойыншыға айналған бизнесмен 11 жылдық тәжірибесімен, өмірлік көрген-түйгенімен  осы кітап арқылы бөлісуді жөн көрген. Бұл еңбекті жазу, оны жарыққа шығару үнемі әлеуметтік желі арқылы кері байланыста болған оқырмандарының сұрауынан туған идея,-дейді автор. Бизнес бастау, жолға қою, кәсіптегі ішкі миссияларды түсіну, бизнесті масштабтандыру, тұлғалық қасиеттер жайлы осы туындыдан оқуға болады. Бизнес  бастап, қаржы нарығында алып ойнышыға айналамын деген жастарға арналған әліппе құралы іспеттес бұл кітаптың атына заты сай – «Өте маңызды»  аталуында да үлкен мән бар.