«ASSYLTAS»  қоғамдық  қоры  жыл сайын «Берген қол алған қолдан қайырымды» ұранымен түрлі шаралар ұйымдастырып,  көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын береді. Сондай жобаның  бірі  — «Алып анадан туады».

Биыл «ASSYLTAS» қоғамдық қоры 2021 жылы тағы да 21 анаға құрмет көрсетуді бастады.  «Күміс алқа»,  «Алтын алқа»  иегері болған аналарға инстаграм парақшасында қалдырған байланыс нөмерлері арқылы хабарласып, 300 адамның ішінен 21 батыр ана таңдалып алынды.  Арнайы ұйымдастырылған комиссия мүшелері аналарымыздың тұрғылықты жеріне, балалар санына, отбасылық жағдайына мән бере отырып іріктеді.

Наурыз айының 16 жұлдызында Рая мен Сәуле атты көп балалы аналарымызға құрмет көрсетілді. «ASSYLTAS» қоғамдық қоры дайындаған арнайы төсбелгімен марапатталып, сыйлықтар табысталды.