Алматыда алғаш рет Qazaq Music Awards музыка саласындағы республикалық премияны табыстау салтанатты кеші өтті. Аталған шараның басты мейманы ретінде Assyltas қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеев қатысты.

Дулат Тұрсынұлы Qazaq Music Awards премиясын Қазақстанның Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек ері» және «Отан» медальдарінің иегері Роза Қуанышқызы Рымбаеваға табыстады. — «Қазақ елі күміс көмей, жез таңдай әншілерге кенде болған емес. Кешегі Ақан сері, Біржан сал, Әмірелер, бүгінгі Димаш пен Максим Ержан секілді бауырларымыз қазақ әнін бүкіл әлемге паш етіп жүр. Роза Рымбаева апаймыздың да шоқтығы биік. Бүгін еліміздің мақтанышын марапаттау мен үшін үлкен мәртебе»,- деді Д.Тастекеев.