ASSYLTAS қоғамдық қоры

белгілі меценат, TAS Group компаниясының басшысы
Дулат Тұрсынұлы Тастекеевтің бастамасымен 2018 жылы құрылған.

Қорды TAS Group компаниясының құрамына кіретін мекемелер қаржыландырады.
«Аssyltas» қорының басты миссиясы — инновацияға ден қойып, қазақ тілін қалың бұқара, іскерлік ортаның тіліне айналдыру, қайырымдылық жасау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлттық мүдде жолында еңбек ету.

Қордың құрылтайшысы — Тастекеев Дулат Тұрсынұлы
Қордың жетекшісі — Оқасов Рауан Есенкелдіұлы

ASSYLTAS

қоғамдық қорының негізгі міндеттері:

Қазақ тілінің аясын кеңейту
Өңірді дамыту
Қазақ өнерін қолдау
Қазақ спортын дамытуды қолдау
Қайырымдылық жобаларды іске асыру
Талантты азаматтарға қолдау көрсету